15 рет оқылды

author«Naizager»

Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті XXXIV сессиясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай аудынан «Достық үйін» салуды тапсырды. Неге? Өйткені, Қордай ауданындағы қазақ-дүңген арасындағы жанжалдың себептері мен салдарлары ел есінен әлі шыға қойған жоқ. Залалы мен зардаптары да көп болды. Оқиғаға мүлде қатысы жоқ бейбіт отбасылар мен өз бетімен жүрген жекелеген адамар осы оқыс шыққан жанжалдан қапияда қаза тапты.
Мұның бәрі неден болды? Неден дерің бар ма, тәуелсіздіктен кейінгі «өз күндеріңді өдерің көріңдер», «есектің артын жусаң да, мал тап» деген сөз ұранға айналған «иедологиясымақ» Қазақ еліндегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы татулықты, бірлікке ұмтылысты ұмыттырып, оған да күн сайын мән беріп, жиі достық қарым-қатынас жасап тұру кектігін тәрк етті. Жұрттың басты мақсаты — ұрласа да жырласа да ақша табу болды. Ақша тапқандар адамгершілікті ұмытып, байыған үстіне байысам, ұрлаған үстіне ұрласам, ал ақшасы жоқтар — соларға кіріптар құл кейіпінде жалатқатап өмір сүрді. Ұлттар мен ұлыстар арасында әлеуметтік теңсіздік орнады.

Қордай ауданында тұратын 160 мың адамның  40 проценті басқа ұлт өкілдері. Әсіресе, дүнгендердің саны басым. Олар ауыл-ауыл боп шоғарыланып, «жеке мемлекет» болып отыруды әдетке айналдырған. Олар туралы, тіпті,  «Қазақстанның жоғары оқу орындарынан балалары мамандық алмайды екен, көрші Қырғыз Республикасына барып оқиды екен, Қазақ елінің әскері қатарынан да бас тартады  екен» деген сияқты тағы басқа алып-қашпа әңгіме көп ел арасында. Сондықтан Қордай ауданындағы «Достық үйінің» достық туын жықпауда атқарар міндеті өте зор. Ол үйге әр жерден төбе көрсетіп үйренген «той генералдарын» жинап алып, той тойлау үшін емес, оқшауланған ұлт өкілдерін қазақтардың ішіне тартып, Қазақ елінің Ата Заңы мен Тәуелсізігін құрметтеуді, қазақ халқының аңқылдаған достық ниетін «қорқатық», «ынжықтық», «сорлылық» деп қабылдамауды түсіндіру — атқарылатын іс-шаралардың, иедологиялық жұмыстардың ең маңызды тақырыбы ретінде күн тәртібінде тұруы керек.

Сонымен…

Перзидент тапсырма берді. Енді оны орындау  қалай болмақ? Ол қашан орындалады? Биыл ма? Келесі жылы ма? «Тойхананы» алты айда бітіріп, «Біз ашылдық!» деп жазып тастайтын қазақ, «Достық үйіне» келгенде кежегесі кейін тартып қалмай ма? Ел қойып жатқан сұрақтар мен жұрт күткен жауаптар көп.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.