11 рет оқылды
Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы Шу және Талас өзендеріндегі мемлекетаралық су шаруашылық құрылыстарын пайдалану жөніндегі комиссияның отырысы өтті.
-Биылғы суғару маусымында Талас өзені бойынша «Киров» су қоймасы арқылы 400,0 млн. м³ су пайдаланылады. Бүгінгі таңда су қоймасында жиналған судың көлемі 523,0 млн. м³. Шу өзені бойынша суармалы алқаптарға 180,0 млн. м³ су алынады. Маусымның ың-шыңсыз, қалыпты өтуі үшін қажетті су көлемін уақтылы және кестеге сәйкес бөлу, сондай-ақ ақпарат алмасудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету ұсынылды, — дейді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек.
Комиссия отырысына Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы мен Қырғыз Республикасы Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары — Су ресурстары, ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі министрі Торобаев Бақыт Эргешұлы қатысты.
БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.