Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков — суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы. Ол 1938 жылы 12 қазанда Тараз қаласында (бұрынғы Әулиеата, Жамбыл қаласы) дүниеге келді. 2014 жыл 16 тамыз күні Алматы қаласында өмірден өтті.
Анасы жағынан полковник, Кеңестер Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының туысы болып келеді. Бабасы — дана Төле би. Он жасқа келген кезде бір жыл ішінде әке-шешесі өліп, кенеттен тұлдыр жетім қалады.
Орта мектепті бітіргеннен кейін Шәкен Ниязбеков атақты «Мухинкаға» (Ленинградтың В. И. Мухин атындағы жоғары көркем-өнеркәсіптік училищесі) оқуға түседі. Студент кезінде ол Эрмитаж, Исаак соборы және Петродворецті қалпына кетіру жұмыстарына қатысады. Шәкен Ниязбеков өзінің ең басты ұстазы ретінде Әбілхан Қастеевті атайды.
Суретші Шәкен Ниязбеков көптеген конкурстарға қатысып, бірнеше рет жеңімпаз атанды. Мысалы, 1961 жылы «Глобус» теледидарының дизайны үшін Чехословакияда алтын медальға ие болды, 1964 жылы Ленинградта өткен «Бейбітшілікті қолдаймыз!» атты плакаттар конкурсында бірінші орын алды. 1982 жылы Алматы қаласындағы Республика алаңын көркем безендіруден өткен конкурста бірінші орыннан көрінді.
Ол сондай-ақ басқару пультін ең алғаш рет ойлап тапқан қазақ азаматы. 1960 жылы Ленинград сурет академиясында оқып жүргенде осы өнертабысы арқылы жұртшылықты таң қалдырған болатын. Сонымен қатар, Ш. Ниязбеков 1964 жылы Чехословакияда өткен өнертапқыштардың халықаралық байқауында бас жүлдені жеңіп алады. Кейін ол өнертабысы Ленинградтағы көрмеге қойылып, өкінішке қарай, кейін сол дүниесі қолды болып кетті. Мемлекеттік қауіпсіздік комитеті адамдары да араласып, көп ұзамай ұрлық ашылды. Қылмыстық іс барысында Жапонияның жансызы алғаны анықталады. Сөйтіп қылмыстың өтеуіне жапондықтар Шәкен Ниязбековке 20 мың рубль төлеуге мәжбүр болды.
Қыл қалам иесінің «Құрманғазы», «Көбік шашқан», «Исатай Тайманов», «Абай», «Шоқан Уәлиханов», «Мұхтар Әуезов», «Сырым Датұлы», «Жамбыл», «Қазақстаннан келген солдат», «Ана» деген жұмыстары оның жеке көрмелеріндегі қомақты еңбектері деуге болады. Оның жетістіктеріне, сондай-ақ, патриот Бауыржан Момышұлының зиратына қойылған құлпытас пен Алматы қаласының Елтаңбасын да қосуға болады.
Шәкен Ниязбековтің тәуелсіздік жылдарындағы ең басты өлмес еңбегі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы. Оның Мемлекеттік Туының эскизі 1992 жылы Қазақстан, ТМД, Түркия, Германия, Моңғолия елдерінен 1200-ге тарта суретші қатысқан конкурста басым дауыспен жеңіп шықты.
Шәкең, әрине, ең бірінші суретші. Қыл қалам шебері. Сондықтан ығармашылық жұмыстарына да тоқтала кетейік. Мысалы, Тараз қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы кинотеатрдың кешенді дизайнын (1979, А.Симоновпен, В.Кузьминмен бірге) Шәкең жасған. Қазір жойылып кетті. «Волоколам бағытында. Генерал-майор И.Панфилов пен қолбасшы Б.Момышұлы ескерткіші» (1985), «Жамбыл», «Ана болу бақыт», «Шоқан Уәлиханов», т.б. көркем кенептер. 1981 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Суретші «Парасат» және деріменҚұрмет» ордені марапатталған. 1998 жылы «Астана«, 2001 жылы «Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл», 2005 жылы «Қазақстан конститутциясына 10 жыл» медаліне ие болған.
Рәміздер күні еліміз Көк Туымызды, Елтаңбамызды және Әнұранымызды мақтан тұтып, оның авторларын еске алып, олардың шығармашылық табыстарын құрметтеп жатады.
Біз де Көк Тудың авторы, жерлесіміз Шәкен Ниязбековпен мақтанамыз! Көк тудың авторы бүгінде көкте жүр!


