17 рет оқылды

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Софияда (Болгария) өтіп жатқан бокстан «Странджа» халықаралық турнирінде бірінші алтын медальді алды.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ақтық сында Қызайбай алжирлік Румайсой Буалемен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жетті — 5:0. Үшінші раундта Буале нокдаунға түсті.

Осылай Назым Қызайбай турнирдегі алғашқы «алтынды» жеңіп алды. Оның алдында финалға шыққан Дамир Әбдіқадыр (51 кг) өзбекстандық Хасанбой Дусматовқа жол берді.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.