Біздің облыс әкімінің 5 орынбасары бар. Бәрі өз орнындағы білімді, білікті мамандар. Бірақ Президент бүгінгі Жолдауында «Қалай болғанда да, әкімнің орынбасарлары үшеуден аспауы керек. Ерекше жағдайда ғана төртіншісіне рұқсат беріледі» деді. Бұл жәй ой-пікір емес, тапсырма.
Осыны алдын ала сезгендей әкімнің мәдениет, руханият, спорт т.б. салаларына жауапты орынбасары Дәулет Кәрібек жақында ғана «Amanat» партиясына хатшылық қызметке ауысып кетті.
Облыс әкімінің енді төрт орынбасары қалды. Олар: Талғат Мамаев, Нұржан Календеров, Рүстем Дәулет, Нұржан Нұржігітов.
Егер Президенттің тапсырмасын мүлтіксіз орындау керек болса, онда осы орынбасарлардың біреуі басқа қызметке ауысуы керек. Ал «Amanat»-қа кеткен Дәулет Кәрібектің орнына ешкім келмеуі тиіс. Бірақ оның жауапты саласы басқа орынбасарларға тең бөлініп берілуі тиіс.
Мәдениет, руханият, спорт саласы (денсаулық та бар ма, білмей отырмын) оңай сала емес. Сондықтан оларға қарайтын орынбасарлар бар жауапкершілікті мойындарына алып, саланың артық-кемін ажырата алуы керек. Өркениетке сай өзгерістер жасауы керек. Бұл талапқа Рүстем мен Нұржан келіңкірейтін сияқты. Өйткені олардың осы саланы бұрын аздап болса да қадағалағандары бар. Нұржігітов те Байзақ ауданын басқарып, барлық салаға басшылық жасаған.