«КЕШІРІҢІЗШІ, МЕН СІЗДІҢ МАШИНАҢЫЗДЫ ҰРЛАП АЙДАП КЕТТІМ…
Өйткені отбасымды құтқару керек болды…».
Немесе Украинада болған оқиға
Бомбадан жан сауғалайтын баспанадан шыққан кезімде дүкеннің қасында тұрған машинаны көрдім. Оталдырғышында кілтіне дейін тұр.
Иесі келер ме екен деп екі сағаттан астам уақыт күттім. Ақырында шыдамым таусылда да машинаға отбасымды отырғызып, Винницадағы туыстарыма тартып кеттім.
Соңыра машинаның зат салғышынан көлік иесінің телефон нөмірін тауып алып, оған қоңырау шалдым.
— Кешіріңізші, мен сіздің машинаңызды ұрлап айдап кеттім. Өйткені отбасымды құтқару керек болды.
-Құдай үшін, қамықпаңыз, менде төрт мәшине бар болатын. Өзімнің отбасымды джипіммен алып кеттім. Ал басқа көліктерімнің бактарын бензинге толтырдым да, оттығына кілтін сұғып, телефон нөмірімді жазып, затсалғышқа салып кеттім. Машиналарымның пайдасын көргендердің бәрі хабарласты. Соғыс тоқтаса кездесерміз. Сақ жүріңіз…
***
Украинадағы осы оқиғаға жүректері шым етіп, тебіренбеген адам жоқ шығар. Мен де осы сөйлемдерді ет-бауырым елжірей отырып ана тіліме аударғанша асықтым.
Жерін, елін, ұлтын, мемлекетін сүйетін азамат болса, Украина ұлтының азаматтарындай болсын!