219 рет оқылды

«ДАНИЯР, ТЫҢДАШЫ…» ДЕП БИВОЛ ҚАЙ ДАНИЯРҒА АЙТТЫ?

Мексиканың мықтысы Саул Канело Альваресті жеңген соң Тоқпақта (қырғызша Тоқмақ) туған Дмитрий Бивол «жұлдызға» айналды.Қазір оның аузынан шыққан әр сөз жерге түспей тұр. Рингтен тыс өмірінде өзімшілдігі жоқ жайдары жігіт екені достарына, жанкүйерлеріне жолдаған видеосәлемдерінен де сезіліп тұр.

Кактусмедиа сайты Биболдың бейнесәлемін  жариялап, оның:

-Данияр, тыңдашы. Тоқпақтан (Тоқмақ) Вегасқа дейін жетуге болады екен. Тек көп тер төгу керек, —

деген сөзін жұртшылыққа бірінші боп жеткізді.

Данияр деген кім? Кактусмедианың жазуынша, ол — Қырғыз Республикасы бойынша бокстан Ұлттық команданың бас бапкері. Аты-жөні Данияр Төлегенұлы (қырғызша Данияр Тологон уулы). Биволдың рингке шығар кезінде телеоператорлардың қырғыздардың қызыл Туын көрсеткенін ескерсек, Кактусмедиа журналистерінің сөзінің де жаны бар сияқты.

Бірақ басқа сайттар Бивол бұл бейнесәлемін қазақ боксшысы Данияр Елеусіновке арнады деп жазып жатыр. Ал қазақтың Данияры әлеуметтік желілер арқылы жанкүйерлерге әлі ештеңе деген жоқ.

Бивол бір-екі күннің ішінде өзінің «қызықты жұмбақтарымен» жанкүйерлерінің ақылын айран ғып бітті. Енді осы сәлемді кімге арнағанын өз ауызынан естігенше жанкүйерлерінің «Лас-Вегас рингіне Ресейдің туымен шығуына не кедергі болды екен»?  деген сияқты тағы да ойланып жүрулеріне тура келеді-ау.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.