328 рет оқылды

Түркия Президенті Реджеп Тайип Эрдоган ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен Анкарада болған кездесуден соң мәлімдеме жасап, сөз сөйледі.Эрдоган мәлімдемесінде Қасым-Жомарт Тоқаевты «бауырым» деп атады. «Бауыр» — түркі тілдес мемлекеттердің халқы арасында ең жақын адамдарына айтылатын өте жылы сөз. Осыған орай, ол «Қазақ елін түріктердің тарихи отаны деп санайтынын, ал Түркия қазақстандықтар үшін — екінші үйі» деп екі ел арасындағы жақындыққа жоғары баға берді.

-Биыл Қазақстан мен Түркия мәмілегерлік саясат аясындағы өзара қарым-қатынасының 30 жылдығын атап өтеді. Екі ел арасындағы қол қойылған жалпы декларацияның арқасында стратегиялық әріптестікті жаңа деңгейге көтердік.  Түркия мен Қазақстан — бауырлас ел. Біз, Түркия елі, Қазақстандағы тұрақтылық пен тыныштыққа үлкен назар аударамыз, — деді Эрдоған.

Сонымен бірге Түркия көшбасшысы Қазақстандағы қаңтар оқиғасында болған қайғылы жағдайға байланысты көңіл айтып, жарақат алғандардың тез сауығып кетуіне тілектестік білдірді. Оның айтуы бойынша, бұл күрделі жағдай Қазақстанды нығайта түскен.

-Мен құрмет тұтатын Тоқаевтың Жаңа Қазақстан құрудағы энтузиазимі мен қайсарлығы мақтауға тұрарлық. Осы бағыттағы жаңа бағдарламалар мен кең ауқымды жаңғыруларды қолдаймын. Тағы да қайталап айтамын, біз қазақ бауырларымыздың тұрақтылығы, тыныштығы және қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті мойнымызға алуға дайынбыз. Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін бейбітшілік негізде шешуге деген біздің көзқарастарымыз ұқсайды. Сіздер білесіздер, Украинадағы соғыстың бітуі үшін біз алғашқы күннен-ақ жұмыс істеп келеміз. Әрине, бұл соғыс түркі мемлекеттерінің бірлігі мен әріптестігінің маңыздылығын екі жақты деңгейде және түркі мемлекеттері шаңырағы астында шешу керектігін тағы бір рет дәлелдеп берді, — деді Эрдоған өз мәлімдемесінде.

Түркие Президентінің айтуынша, екі ел арасындағы тауар айналымы бүгінде 5 миллиард доллардан асқан, енддігі мақсат осыны 10 миллиардқа жеткізу.

 

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.