148 рет оқылды

Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы болып  2013 жылы Тілектес Бәрпібаев  тағайындалған болатын. Жақында ол Президент Жарлығымен қызметінен босатылды.

«Не боп қалды?» деп елеңдескен ел енді «оның жекеменшік ұшағына байланысты тексеріс басталды» деген хабарды естіп, «бәсе, сондай бірнәрсенің исі шыққан ғой» деп сыбырласып жатыр.

-Тексеру бойынша жекеменшік ұшақты Бәрпібаев емес, оның кәсіпкер құдасы отбасымен Германияға бару мақсатында жалға алыпты. Бизнес өкілінің Германия емханаларының біреуінде емделгені және ұшаққа ақшаны өзі төлегені туралы дерек анықталған. Ал Бәрпібаев әйелімен бірге осы жеке рейстің жолаушысы болған. Ол да денсаулығын қаратпақ бопты. Тексеру жалғасуда. Экс-төраға Бәрпібаевтың Судья әдебі кодексін сақтау мәселесі бойынша Жоғарғы Соттың тиісті комиссиясы қызметтік тексеру жүргізеді, – депті Жоғарғы сот өз хабарламасында.

Бәріпбаевты бәрібір тегін босатқан жоқ-ау дейді бір ой. 

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.