114 рет оқылды

Баршылық не істетпейді? Нұрдәулет Бектұрсын мен Jasik JJJ деген блогерлер автокөліктерімен «аламан бәйгеге» шығыпты.   Мәшинелері де өте қымбат тұрады. Мысалы, Нұрдәулеттің «темір тұлпары» 90 миллион тенге болса, Жасик деген «шабандоздың» көлігі 60 миллионо теңге.

Алғашқы қашықтық 400 метр. Бұл «бәйгеде» Нұрдәулеттің «тұлпары» озып келеді.

Екінші жарыстың шарты күрделі. Ол — Алматы мен Тараз қалаларының арасындағы даңғыл жолдың бойымен жарысу. Міне, екінші жарыста осы 500 км қашықтықты  2,5 сағатта жүйткіп өткен Jasik JJJ жеңіске жетеді.

«Шешуші айқас» дегендері де бар екен. Бұлары да «қызық». Екі блогердің адамдары рингте төбелесіп, күш сынасады. Бұл бәсекеде де астаналық Jasik JJJ жеңіске қол жеткізеді.
Сөйтіп алдын ала келісіп, қол алысқан уәде бойынша 90 миллион тұратын Нұрдәулет Бектұрсынның Mercedes автокөлігі  Jasik JJJ жетегінде кете барады.

Мұның бәрін неге тәптіштеп айтып отырмыз? Ел қайда, Заң қайда? Тәртіп қайда? Ата-ана қайда? Әшейінде жолды аңдып жүретін полицейлер қайда? Бесіктен белдері шықпаған жастар осыншама ақша тұратын автокөліктерді ата-аналарының, бірге туған бауырларының келісімінсіз қалайша бәсекеге тігіп жүр?

Алматы мен Тараз қалаларының арасындағы 500 км қашықты 2,5 сағатта жүріп өткен кезде автобуспен немесе минивенмен соқтығысып қалса, қаншама адамның өмірін жалмар еді? Ойлаудың өзі қорқынышты.

Бұл екі араны ұшақтар 1,5 сағатта ұшып өтеді. Мына Жасик дегеннің машинасының жылдамдығы да сол ұшақтан кем емес сияқты. Сондықтан тиісті құқық қорғау органдарының назарын осы «бәйгеге» аударып, нақты шара қолдануын өтінеміз.

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.