Қаңтар оқиғасы кезінде тұтқындалған ҰҚК баяғы төрағасы Кәрім Мәсімовті қамауды ұстау мерзімі ұзарды.
Орынбасары Әнуар Садықұлов та 6 шілдеге дейін қамақта отыратын болды. Ал тағы бір орынбасары Дәулет Ерғожинді 13 шілдеге дейін қамауда ұстау керек деп шешіпті.
ҰҚК төрағасы мен оның орынбасарларына «Қазақстан билігін күшпен басып алмақ болды, қызмет бабын асыра пайдаланды» деген айыптар тағылғаны белгілі.
Бұрынғы президент Назарбаевтың ең сенімді серігі болған Мәсімов 5 қаңтарда қамалды. Ол, тіпті, түк болмағандай сол күні Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысқан. Осы отырыста Қазақстанның қазіргі Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төрағалығын өз қолына алғанын мәлімдеді.
Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды.