Нұр-Сұлтан сотының шешімі бойынша «Дикий Арман» деген лақап атымен танылған қылмыс әлемінің «авторитеті» Арман Жұмагелдиевтің қаңтар айының басында екі айға қамалғаны белгілі. Кейінірек оның қылмыстық тобының мүшелері 24 бейбіт адамды ұрлап, күштеп ұстағаны белгілі болды. Бұл туралы Арнайы прокурорлар қызметінің басшысы Ризабек Ожаров мәлімдеген. Сонымен қатар, Бас прокуратура өкілі Дикий Арман мен оның тобының 14 мүшесі ұсталғанын да айтты.
Жұмагелдиевті қамауды ұстау мерзімі 18 наурызда 7 сәуірге дейін ұзартылды. Бірақ бұл уақыт тергеу үшін аз болған сияқты. Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі 3 маусым күні Алматы ауданаралық сотының тергеу туралы өтінішін қарап, «Дики Арманның» қамаудағы тергеу мерзімін 7 тамызға дейін ұзартқанын хабарлады.