47 рет оқылды

Қырғызстанның бес жүзге жуық мәшинесі Қазақстанның жанар-жағар майын күн сайын тасып әкетіп жатыр. Бұл туралы, анау-мынау емес, КР Жогорку Кенешінің депутаты Ырысбек Атажанов мәлімдеді.Ол Жогорку Кенештің планерлық отырысында «Қазақстанда жанар-жағар май Қырғызстанға қарағанда 30 сом арзанға сатылады. Осыны пайдаланған алыпсатарлар Қырғызстанда бензин саудасының бейберекет нүктелерін көбейтіп жіберді» деді.-Алыпсатарлардың Қазақстаннан жеткізілген бензинді сақтайтын арнайы орындары бар. 4 маусым күні жанар-жағар майды заңсыз таситын сондай бір машина өртеніп кетті. Сондықтан бұған бақылауды күшейту керек, -деді ол 8 маусымда өткен отырыста. 
Қырғыз депутатының бұл мәлімдемесін «Қордай» бақылау-өткізу бекетіндегі қазақстандық шекарашылар да растап отыр. Олардың айтуынша, қырғыз еліне қарай күн сайын бес жүзге жуық бензин тасыған автолкөлік өтеді екен. Бірақ ҚР Үкіметі тарапынан мұндай заңсыз кәсіпкерлікпен шұғылданып жүрген «ілкімді азаматтарға» қарсы тосқауыл қоятын ешқандай құқықтық тетік жоқ дейді. 

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.