292 рет оқылды

Қашағанның газын қан сорғыш масадай сорған «GPC Investement» ЖШС газ өңдеу зауыты Дариға Назарбаеваның кейінгі күйеуі Қайрат Шәріпбаевқа тиесілі екен. Екен дейтініміз құпияның бәрін енді біліп жатырмыз ғой. Сол зауыт иесінен алынып, мемлекет меншігіне өтеді деген хабар шығып қалды. 

Бұрын қақ-соқпен ісі жоқ, қатардағы ауқаттылардың бірі боп көрінетін Қайрат Шәріпбаев Дариғаға үйленгеннен бастап күшіне мінді. Байлыққа да белшесінен батты. Астамсығаны сонша, Қашағандағы зауытын өзінің қалтасындағы қаржымен емес, Қазақстан деген қарқарадай мемлекеттің есебінен аяқтағысы келгенін қайтерсіз. Араны ашылған соң қиын екен да.

Petrocouncil салалық басылымының хабарлауынша, Шәріпбаев «NCOC-тен ілеспе газды жеткізу туралы келісім мен Қазақстанның Даму банкінен (ҚДБ) газ өңдеу зауытын салуға несие алған. ҚДБ өз кезегінде аталған газ өңдеу зауытының құрылысын синдикатталған қаржыландыруға қатысу мүмкіндігін қарастырып жатқанын, ал NCOC қазірдің өзінде мұнай құбырынан газ құбырын тартуға 50 миллион доллардан астам қаражат «Болашақ» кешенді мұнай-газ өңдеу қондырғысы салынып жатқан газ өңдеу зауытына бөлгенін мәлімдеген.

Экс-президенттің күйеу баласы Шәріпбаев қаңтар оқиғасынан кейін QazaqGaz басшысы қызметінен кетірілді. Міне, сол тұста күйеу баланың «GPP Investement» деген зауытының дүниеге келу тарихына да күмән мен күдік басталды.

Энергетика министрлігінің түсіндірме хатында  Қашаған кен орнындағы шикізат негізінде қуаттылығы жылына 1,15 млрд текше метр болатын зауытты мемлекеттік балансқа беру идеясының өзі бұйрықпен бекітілді деп хабарланыпты. Бірақ иесінің аты аталмайды.

Бұрын мүмкін еместей көрінетін бұл процес қалай іске асты. Оны Энергетика министрлік былай түсіндіріпті.

— «ТауБерекеГрупп» ЖШС биыл 16 мамырда «GPC Investement» ЖШС-нің жарғылық капиталындағы 100% қатысу үлесін мемлекет меншігіне беру ниеті туралы хат жолдады. Серіктестіктің жарғылық капиталындағы қатысу үлесін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ орналастыратын акцияларды төлеуге беру жобаны іске асыруға, тиісінше дер кезінде зауыт құрылысын аяқтап, пайдалануға беруге мүмкіндік береді».

Ал Шәріпбаев Қайраттың өзі қайда жүр?

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.