127 рет оқылды

-Бұл туралы пікірлер әртүрлі, мен тікесін айтайын. (Украинадағы жағдай туралы — ескерту). Қоғам бізде ашық, азаматтық қоғамның жетілгені түрінен көрініп тұр. Түрлі пікірлер айтылуда. Бірақ мен қазіргі халықаралық құқық — бұл БҰҰ деп атап айтар едім. Дегенмен, жарғыға жазылған негізгі екі принцип қазіргі жағдайда бір біріне қарама қарсы келіп тұр. Ол мемлекеттің территориялық тұтастығы және ұлттың өз еркін білдіру құқығы. БҰҰ-ның негізін қалаушы-әкелер осы тұсты, кезінде ескермеген немесе бір біріне қарама қайшы екі принципті компромис ретінде әдейі енгізуі мүмкін.

Біреулер мемлекеттің территориялық тұтастығы — бұл қасиетті нәрсе дейді. Басқалар кез келген мемлекеттің құрамындағы халықтардың өз жеке мемлекетін құруға құқы бар және өз қалауы бойынша бөліне алады дейді. Егер халықтардың өздерін өздері анықтау бойынша бөлінуі шынайы түрде іске асатын болса, онда жер шарында БҰҰ құрамына кіретін 193 мемлекеттің орнына, 500-600 мемлекет пайда болады деп есептелген. Әрине, мұндай жағдайда топалаң (хаос) болған болар еді.

Осы себепті біз Тайвань, Косово, Оңтүстік Осетия, Абхазияны мойындамаймыз. Бұл принципті квазимемлекеттік аумаққа айналып отырған Луганскі мен Донескіге байланысты да ұстанамыз. Бұл біздің ашық сұраққа ашық жауабымыз» — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Петербург халықаралық экономикалық форумының пленарлық отрысында.

Президенттің сөзінен Қазақстан өзінің сыртқы саясатын ешқандай жалтақсыз айқындап алғанын көреміз. Әрі дипломатиялық тұрғыдан да тамаша жауап емес пе!

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.