68 рет оқылды

Мәскеудің түбіндегі Одинцово ауданынан «Росвооружение» мемлекеттік компаниясының бұрынғы бас директоры және  Urals Energy мұнай компаниясының бұрынғы басшысы Алексей Огарев өліп жатқан жерінен табылды.

Оның мәйіті «Балатон» коттедждер поселкесіндегі үйінен бейсенбі күні табылған. Хабарды айтушылар, А. Огаревтің өлімінен қылмыстық істің ізі әзірге білінбейді, бірақ сараптама қорытындысы бойынша оның нақты неден өлгенін анықтаймыз депті

Огарев оңай шаға салатын жаңғақ емс еді. 1999-2000 жылдары «Росвооружениені» басқарса, одан кейінгі жылдары ОБСЕ жанындағы Ресей өкілдігінің төрағасы, Ресей Президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, мұнай жағына да қожайын болды. Бірінші Президент Борис Ельциннің қызы Татьянаның күйеуі Алексей Дьяченкомен бірге оқыпты.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.