72 рет оқылды

Бұрынғы Президенттің інісі Болат Назарбаевқа қатысты «рейдерлік жасады» деген күдіпен қылмыстық іс қозғалды. Болаттан басқа күдіктінің бірі оның бұрынғы әйелі Майра Құрманғалиева.

Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментіне аталған екеудің үстінен Нұрша Кәкенов арыз түсірген. Оның айтуынша, ол «Karuan» ЖШС-ның иесінің бірі болған. Бірақ Болат Назарбаев оның 150 млн$ болатын үлесін тартып алған, — деп жазады Kozahkov offside телеграм арнасы.

Еgov.kz порталының мәліметі бойынша, 2006 жылдың басында Нұрша Кәкенов аталған компанияның иелерінің бірі болған. Алайда сол жылы ЖШС-ның жалғыз иесі боп Болат Назарбаев шыға келеді. Ал 2018 жылдың ақпан айынан бастап фирма екі заңды тұлғаның меншігіне айналады. 

«Мың асқанға, бір тосқан». Тергеу мен тексерудің қорытындысын күте тұрайық. Бұдан бұрынырақта Болат Назарбаев туралы «аты жаман» аурумен ауырып қалыпты деген де сөз шыққан ел аузында.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.