40 рет оқылды

Елімізде киіктерді ату керек пе, жоқ па деген мәселе қызу талқыланып жатқан тұста, ақбөкен мүйіздерін Ресей асырмақ болғандар сотталды.

Бұл Үкіметке де, министрлікке де сабақ болса керек. БҚО облысының екі тұрғыны Ресей еліне ақбөкеннің екі жырым миллиард теңге болатын мүйіздерін өткізбек болған жерінен қолға түсті. Біраз уақыт бұрын болған осы қылмыстық іске байланысты жақында сот болып, судья оларды 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырды.

Тергеу барысында анықталғандай, екі азамат МАЗ автокөлігі тіркемесінің астындағы жасырын жерге 1 169 мүйізді тығып, Ресей еліне апарып сатпақ болған.   Бірақ Орал қаласынан шыға бергенде қолға түсіпті.

Міне, броконьерлердің киіктерді атуға рұқсат бермей-ақ істеп жатқандары осы. Ал рұқсат берсе, не болмақ?

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.