72 рет оқылды

 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы АЭС құрылысын салуда Түркия тәжірибесін зерделеуді тапсырды.  Ал Түркиядағы «Аккую» деген АЭС-ті Ресей елінің «Росатом» атты кәсіпорыны сонау 2010 жылдан бері келісім-шартқа отырып, салып жатыр. Келесі жылы Түркия АЭС-і құрылысының алғашқы блогы пайдалануға беріледі деп Реджеп Ердоғанның өзі де хабарлаған болатын.
Демек, біздің Президенттен тапсырма алған сарапшылар «Түркия АЭС-нің сапасы мен тиміділігі жақсы» деген қорытынды жасаса, онда елімізге «Росатом» келіп іске кіріседі деген сөз. Бірақ…
Ресей-Украина арасындағы соғыс, соған байланысты батыс пен шығыс елдері санкциясының тұсауында қалған  Ресей үкіметі мен «Росатом» компаниясы бұл аса маңызды нысанды сала ала ма? Бұл сауал Қазақ үкіметі мен қазақ атомына жауапты министрлікті неге ойландырмайды?  Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Франция сияқты батыс пен шығыстағы өзге елдердің нұсқасын неге қарастырмайды? Ресей-Украина арасындағы соғыстың салдарынан логистика саласы, атап айтсақ шетелдерге тауар жөнелту немесе әкелу бағытындағы жолдардың аясы тарыла бастағаны туралы мәселені шешу қиындап тұрған кезде,  Ресей компаниясына Қазақ АЭС-нің тағдырын өз қолымызбен ұстата салу қаншалықты дұрыс? Еліміздің қауіпсіздігі үшін стратегиялық мәні өте зор мұндай мәселеде сауысқанша сақтық  танытып, мемлекет тірегі — халық пікірімен де санасу керек еме пе? 

 

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.