66 рет оқылды
Новороссискідегі Приморский аудандық соты Каспий құбыр желісі консорциумының жұмысын 5 шілдеден бастап 30 тәулікке жауып тастады.Себебі Ространсбақылу КТК өндірістік нысанынан экологиялық тұрғыда кемшлік тапқанмыс. Тексеру 6 шілде күні, бірақ вице-премьер Виктор Абрамченконың сонау 5 мамырдағы тапсырмасын орындаудан басталған.Каспий құбыр желісі консорциумы Ресей Федерациясы құқықтық аумағы шеңберінде жұмыс істейді. Сондықтан аудандық сот болса да КТК олардың шешімін орындауға тиіс.Бұл консорциумның ірі акционері «Транснефть» (24%) және «Казмунайгаз» (19%). Теңіз-Новороссия құбыр желісінің ұзындығы 1511 километр. Ол арқылы Қазақстан мұнайының үштен екісі экспортталады.Наурыз айының аяғында КТК-ның жұмысы апат салдарынан бір рет тоқтатылған болатын. Ол кезде Ростабиғат бақылау қызметкерлері теңізге мұнай төгілгені туралы дәлелді ештеңе таппаған болатын. Сондықтан бір айдан соң КТК жұмысын бастаған.Енді РФ  дәл осы факті бойынша КТК-ны аяқтан шалып отыр. Ресей-Украина соғысына дейін мұндай жағдай болған емес. Ал наурыздан бері  КТК-ның жұмысына 2 рет кедергі келтіріп отыр. Сірә, Қазақстанның дербес ел, тәуелсіз мемлекет ретінде өзінің табиғи байлығы — газы мен мұнайын Еуропаға тікелей тасымалдап, олардың тығырықтан шығуына көмектесеміз деген тұрғыдағы мәлімдемесі біреулерге жақпай қалған сияқты.
БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.