131 рет оқылды
Елдің үстінен күн көріп жаман үйренген экс-шенеуніктердің бірі Виктор Храпунов қолынан келіп, қонышынан басып тұрған кезінде жеудей-ақ жепті. Шығыс Қазақстан облысындағы халыққа тиесілі 80 гектар жерді 7 учаскеге бөліп тұрып алған ғой тойымсыз сабазың. Бірақ басына күн туғанда жамбасына басқан жерлеріне ешқандай құрылыс салып үлгере алмай, елден табанын жалтыратса керек.
Шүкір дейтініміз, В. Храпуновтың сол өңірдегі  ғимараттары мен 4 жер учаскесі ШҚ облысының мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне қайтарылыпты. Олардың жалпы құны 4,8 миллиард теңге.
Ал жаңадана құрылған Абай облысындағы Самар ауданынан «асаған» 3 жер учаскесін коммуналдық меншікке қайтаруға байланысты жұмыстар жүргізіліп жатыр, — дейді әділет министрлігінің өкілдері.
Оның құны қанша екені де көп ұзамай білетін болармыз.
 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.