Орал қаласында бизнес иесін тапа-тал түсте пышақтап өлтіріп кеткені туралы ақпарт кешелі бері елді дүрліктірген болатын. Кейін пышақталған жерінде жан тапсырған 49 жастағы Еркін Мұханғалиев екені белгілі болды.
Кісі өлтірушілердің қашып бара жатқан сәті бейне бақылау камерасына түсіп қалыпты. Әлеуметтік желіде ол да жарияланды. Әсіресе, қанға бөгіп жатқан кәсіпкердің суреті адамдардың төбе шашын тік тұрғызған.
Бүгін, 8 тамызда қасақана адам өлтірген қанішерлер қолға түсті.
-Жаңа ғана қолға түсірдік, — дейді өңірлік полиция департаментіндегі қызметкерлер.
Куәлардың айтуына қарағанда, кәсіпкердің өліміне төленбеген айлық себеп болған сияқты.
Қазақстандықтар айлықтары мен қарыздарын бермегені үшін адам өлтіре берсе, еліміз қан сасып кетпей ме? Әділ сотқа жүгінгенде, бәлкім кәсіпкер де аман, өздері де бәленбай жылды арқалап, түрмеге қамалмай-ақ алашақ ақшасын өндіріп алар ма еді, қайтер еді?