75 рет оқылды

Студент болғысы келгендер 2022-2023 жылы қай жоғары оқу орнында оқығысы келеді?  Қайсысы арзан? Қайсысы қымбат? Рейтингтің көш басында әзірге Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз және Орал университеттері тұр. Ал олардағы ақылы білім беру бағасы қанша? Десек, ЕҰУ мен ҚазҰУ ең қымбат жоғары оқу орны болып тұр.
Мұнда мамандық алу бағасы бір жылға 1 млн теңгеден асады. Шымкент университетінде — 250 мың теңгеден басталады. Орталық Азия инновациялық  унивеситеті — 300, ал Оңтүстік Қазақстан университеті 500 мың теңгеден белгіліпті.

Ғылым және білім министрлігінің хабарлауынша, биыл 88,3 мың грант жарияланған. Олардың көбісі инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына, педагогикалық ғылымдарға, жаратылыстану ғылымдарына арналыпты.

Өткен жылдан бері еліміздің 99 жоғары оқу орнында әлемнің 75 елінен 30 мыңға жуық шетелдік студент білім алуда. Олар, негізінен, бұрынғы одақ елдерінен, Азия, Еуропа, Америка, Таяу Шығыс және Африка елдерінің жастары.

Сонымен…

 

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.