223 рет оқылды
ҰҚК қазір ҚР ҚК 24 бабының 1 бөлімі және 255 бабының 4 бөлімі бойынша Атығаев Аянға қатысты қылмыстық белгілері бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
ҚК 24 бабының 1 бөлімі, ол  — қылмыс істеуге дайындық жасау.
Ал ҚК 255 бабының 4 бөлімі — қоғамдық қауiпсiздiктi бұзу, халықты үрейлендiру, Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, шет мемлекеттiң немесе халықаралық ұйымның шешiмдер қабылдауына ықпал ету, соғысқа арандату не халықаралық қарым-қатынастарды шиеленiстiру мақсатында жасалған, адам өмiрiне қол сұғу, сол сияқты дәл сол мақсаттарда, сондай-ақ мемлекет немесе қоғам қайраткерiнiң мемлекеттiк немесе өзге де саяси қызметiн тоқтату не осындай қызметi үшiн кек алу мақсатында жасалған оның өмiрiне қол сұғу, не халықаралық қорғауды пайдалантын адамдарға немесе ұйымдарға, ғимараттарға, құрылыстарға шабуыл жасаумен, адамды кепiлге алумен, ғимараттарды, құрылыстарды, қатынас және байланыс құралдарын басып алумен, әуе немесе су кемесін, жылжымалы темiржол составын не өзге де қоғамдық көлiктi айдап әкетумен, сол сияқты басып алумен ұштасқан адам өмiрiне қол сұғу бойынша әрекет жасаған күдіктілерге арналған.
Бұл баптар бойынша қылмыскер 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруға немесе өмір бойы түрмеде жатуға, ҚР азаматтығынан айыруға, әйтпесе оның орнына мүлкі тәркіленуге жатады. 
ҰҚК әзірге басқа ақпараттар жариялауға жатпайды деп отыр.
Естеріңізде болса, еліміздің барлауға қарсы қызметі шетелдік барлау қызметінің агенті — ҚР азаматын Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа және басқа да бірқатар жоғары лауазымды мемлекет қызметкерлеріне  қастандық жасмақ болды деген күдікпен ұстаған болатын.
БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.