Оқиға Түркияда болыпты. Үйінің арт жағында ойнап
отырған екі жасар қыз балаға жылан тап беріпті. Әрине,
көрмеген соң бәлендей деу қиын. Жыланның не екенін
білмейтін екі жасар қыз оны өзі ұстап алуы да мүмкін ғой.
Кішкентай балалардың әдеті емес пе, не нәрсе болса ұстап
алып, аузына салып көретін.
Жылан қыздың ернінен шағыпты. Ал қыз болса оны тістеп,
айырылмай қойған. Қазақта «баланың уысы жыланды өлтіреді»
деген сөз бар. Сол айтқаны айнымай келген сияқты.
Жылан байғұс қыздың тісінен сол жерде жан тапсырыпты.
Негізі улы жылан болмауы керек. Ал қыз аман- есен.
Дәрігерлер тексеріп, жағадайын жақсы депті.