88 рет оқылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлы және басқа да тұлғаларға қатысты «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, деп хабарлайды.

Тергеу барысында заңсыз сатып алынған активтер, 240 миллиард теңгеден астам ақшалай қаражат мемлекетке қайтарылды.

Сатыбалдыға қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергелуде.

Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздеу  жалғасып жатыр.

Елдегі және шетелдегі қосымша жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден немесе 900 миллион АҚШ долларынан асатын жылжымайтын мүлік, автомобильдер мен ақша анықталды.

Олар жақын арада мемлекетке қайтарылады.
БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.