Беларусь елінің Жоғарғы соты Қырғызстанның экс-президенті Құрманбек Бакиевті Бішкекке қайтаруға қарсы. «Неге?» деген сұраққа, беларусь сотындағылар «Бакиевті туған еліне қайтарып бере қалған жағдайда, ол онда саяси қуғын-сүргінге ұшыруы мүмкін» дейді.
Қырғызстан прокуратурасы осы уақытқа дейін Беларусь елне экс-перзидент Қ. Бакиевті қылмыстық іске тартуды сұрап, төрт рет хат жолдапты.
Қырғыз елі сотының үкімі бойынша экс-президент Қ. Бакиев 2010 жылғы 7 сәуірдегі оқиғаға кінәлі деп танылып, 2016 жылдың 29 маусымында 30 жылға бас бостандығынан айырылған.
Ол 2005 жылғы наурыз төңкерісінен кейін президент болып сайланған. Ал 2010 жылғы сәуір оқиғасынан кейін өзінің де туған елінен қашып кетуіне тура келді. Бакиевке қарсы еруіл кезінде 90 адам қаза тапты.