106 рет оқылды
Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының қылмыстық ісі  бойынша кезекті сот отырысы болып жақтаны белгілі. Бүгінгі  отырыста судья Нұрлан Баяхметов жәбірленуші тарап – «КСО» (Көліктік сервис орталығы) компаниясынан өтініш хат түскенін хабарлап:

-Көліктік сервис орталығы істі медиция тәртібімен тараптардың татуласуына байланысты шешу туралы 2022 жылғы 8 қыркүйектегі өтінішін қайтарып алды. Аталған келісімнің күші жоқ деп тануды сұрайды, — деді. Сондай-ақ судья бұл құжат сот материалдарына тіркелгенін мәлімдеді. 

Сот отырысында судья Көліктік сервис орталығының өкілі Жандосовтан хаттың «сырын» түсіндіруді де сұрады.

-Құрметті сот, бұрын медиациялық келісімге қол қойылған. Алайда қазіргі уақытта медиациялық келісім мәселесін басшылық соңына дейін шешкен жоқ. Тиісінше, мен соттан уақыт сұраймын, — деді Жандосов.

Бұл жөнінде судья тараптардың пікірін де білді. Айыптаушы компанияға уақыт берген дұрыс деп қолдады. Тараптар да келісімін берді. Осылайша, сот отырысы ертең сағат 15.00-ге дейін шегерілді.

Кеше сотта сотталушының адвокаты Қайрат Сатыбалды кінәсін мойындайтынын, екі компанияның 12 млрд теңге және 28 млрд теңге шығынын өтегенін айтқан. Процес екі іс бойынша қаралып жатыр. Онда «Қазақтелеком» АҚ және «КСО» АҚ-тан қаражаттың қалай жымқырылғаны баян етіледі.

Естеріңзде болса,  бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды осы жылдың наурызында қамауға алынған. Сөйтіп оның үстінен «алдау жолымен мүліктік залал келтірді», «сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салды» деген айыппен қылмыстық іс қозғалған. Одан бөлек ол «салықтан және кедендік төлемдерден жалтарды», «қылмыстық жолмен тапқан табысын заңдастырды» деген күдікпен де тергеліп жатыр.

Сонымен қатар наурыз айында бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды да «бизнесті рейдерлік жолмен тартып алды» деген айыппен қамауға алынған болатын.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.