Лас-Вегас рингінде Сауль Канело Альвареспен болған жекпе-жектің өкіші өзектен кетпей жатып, біздің Гена Голвкинді тағы бір сын күтіп тұрғанын естідік.
Бұл жолғы бәсекеде Генаның орта салмақтағы WBA Super және IBF дәрежелері бойынша чемпиондық белбеулері сынға түседі.
Қырық жастағы Гена 5 күн ішінде кубалық Эрисланди Лармен жекпе-жеке шығасың деген ұсынысты қабылдамаса, орта салмақтағы WBA Super және IBF дәрежелері бойынша чемпиондық белбеулерінен айырылады. 39 жастағы Эрисланди Лара да осал «жау» емес. Ол — WBA World белбеуінің иесі. Әуесқой бокста да топ жарып, әлем чемпионы болған.