Қайрат Сатыбалдыұлының ісі бойынша сот басталды.
Ол кешегі Нұр-Сұлтан, бүгінгі Астана қаласының Байқоңыр ауданының № 2 сотында өтіп жатыр. Қаңтар оқиғасынан кейін тұтқындалған Қайрат Сатыбалдыұлы «Алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру», «Кінәліге сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе талан-таражға салу, яғни өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, адамның алдын ала сөз байласуы бойынша топтық жымқыру» баптары бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отыр.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 13 наурызда оны «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілетін асыра пайдалану және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеп жатқанын хабарлаған болатын.