Қазір «Алматы Спецтехпаркинг Сервис» ЖШС-ның 70 пайыз үлесін және «AlanParking» ЖШС-ның 100 пайыз үлесін Алматы қаласы әкімдігінің коммуналдық меншігіне қайтару бойынша шаралар қабылданды.
Естеріңізде болса, Алматыдағы A-parking ақылы автотұрақтар операторы саналатын Alan Parking компаниясының директоры Мұхтар Базарбаев біраз уақыт бұрын қамауға алынған болатын.