«АзияГазЧунджа» ЖШС құрылтайшылары Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов, сондай ақ «Qazaq Gaz» басқарма төрағасы Тайыр Жанұзаққа қатысты қыдмыстық іс аяқталды.
Олар сұйытылған газды сатып алу кезінде 14,5 млрд теңгені жымқырғаны және қылмыстық жолмен табылған қаржыны заңдастыру бойынша айыпталған болатын.
Бас прокуратура 23 желтоқсанда осы қылмыстық істі сотқа жіберді. Ұлттық компанияға келтірілген залал толығымен өтеліп, «Qazaq Gaz» АҚ есеп-шотына аударылыпты. Айыпкерлердің 38 млрд теңге болатын мүліктері: 15 жылжымайтын нысан және үш транспорт құралы «бұғауланған».