104 рет оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қайрат Нематұлы Келімбетов «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

1996 ж. бастап — Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жоғары экономикалық кеңес хатшылығының аға сарапшысы, 1996—97 жылдары Перзидент әкімшілігінің әлеуметтік-экономикалық талдау бөлімінің меңгерушісі, 1997—98 жылдары Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Стратегиялық талдау департаменті директорының орынбасары, 1999—2001 жж. — Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасы, 2001 ж. маусым — 2002 ж. тамыз аралығында ҚР Қаржы министрлігінің бірінші Вице-Министрі болған.

2002 ж. тамыздан бастап — Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, 2006 жылдың сәуірінен бастап – «Қазына» орнықты даму қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

2008 ж.ылы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып тағайындалды. 

2011-2012 жылдары Экономикалық даму және сауда министрі, 2012 жылы — ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, 2013-2015 жылдары Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы болды.

Сонда қызметінен не үшін алды? «Түк істемейтін адам ғана қателеспейді» дегендей, отыз жылда түк істемеген соң аман жүрді ме әлде? Өзіне түк істемесе істемей-ақ қойсын, еліне, жеріне, оның экономикасына жасаған пайдасын айтып, «Қайрат Келімбетовтің арқасы» дейтіндей не тындырды? Нағыз «сұр кардиналдың» өзі ме әлде? Олай дейін десең, билік дәліздеріндегі «интригалар» арасынан да аты-жөнін таппайсың?
Соған құарағанда қызметіне барып-келуді ғана білетін босбелбеу біреудің нағыз өзі ме? Дегенмен, келесі лауазымды қызметі қалай болар екен?  «Келімбетов келеді, тимеңдер» деп қай мықты орынды дайындап отыр екен?

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.