426 рет оқылды

 

Бүгін еліміздегі сыбалас жемқорлыққа қарсы агенттіктің басшысының бұрынғы орынбасары Мақсат Қожабаевтың ұсталды. Бұл туралы ҰҚК хабарлады.

Олардың хабарлауынша, 9 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы басшысының орынбасары Мақсат Қожабаевты қамауға алынған. Атап айтсақ:

-2023 жылдың 9 қаңтарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу шеңберінде құқық қорғау органдарының бұрынғы аға қызметкері М.Қожабаевты ұстады», – делінген ҰҚК сайтында.

Сондай-ақ ресми сайтта тергеу мүддесі үшін аталған жайтқа қатысты басқа ақпарат жария етілмейтіні жазылған.

-Жедел-тергеу шаралары жалғасуда, -дейді ведомствоның баспасөз қызметі.

2021 жылдың 2 шілдесінен бастап Мақсат Қожабаев ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі басшысының орынбасары болған. 2022 жылы 22 сәуірде ол Президенттің Жарлығымен бұл қызметтен босатылды.

Сыбайлас жемқорлықпен ұсталған Мақсат Аманқұлұлы Қожабевтың өмірдегі мынандай:

Шымкент қаласы прокуратурасында стажер (08.1997); Шымкент қаласы прокуратурасының ТҚБ заңдылығын қадағалау, тергеу және анықтау бөлімінің прокуроры (06.1998 ж.); Шымкент қаласы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын және атқарушылық өндірісті қадағалау бөлімі бастығының м.а.(10.2000); Шымкент қаласы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдері мен атқару өндірісінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы (03.2001 ж.); Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласы прокурорының орынбасары (05.2001); Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау бөлімі бастығының орынбасары (11.2002); Оңтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының қылмыстық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің бастығы (11.2003 ж.); Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының прокуроры (08.2004); Оңтүстік Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокуроры (11.2005); Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданының прокуроры (08.2006);Оңтүстік Қазақстан облысы прокурорының орынбасары (05.2008 ж.); Алматы қаласы прокурорының орынбасары (10.2009-09.2011); Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары (09.2011-03.2012); Қызылорда облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің (қаржы полициясы) бастығы (2012-2014); Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы (11.2014-12.01.2016); Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы (12.01.2016-11.2016); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы (11.2016-12.2017); Жамбыл облысы прокурорының бірінші орынбасары (07.12.2017-08.2018); Шымкент қаласының прокуроры (09.08.2018-07.2021);

Осыншама лауазымды қызметтерді атқарған және елге адал қызмет тетеді деген кадрдың өзі сыбайлас жемқорлық жасады деген күлдікпен ұсталса жетіскен екенбіз.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.