111 рет оқылды

Бұрынғы Перзидент, әрі бұрынғы Елбасы Н. Назарбаевтың кеңсесін қаржыландыру көлемі қоян жылы 1 миллиард теңгеге қысқарды. Бұл қаржының 708 миллионы бұрынғы президенттің қызметін қамтамасыз ету үшін бөлінген болса, 969 миллион теңгесі тұңғыш президент кітапханасының жұмысын қамтамасыз етуге жұмсалмақ көрінеді.

Ал өткен жылы ақшаны өкіртіп тұрып бөліп, мемлекет бюджетінен 2,6 миллиард теңгені аямай бере салған екен. Ал оның арғы жылы 2,1 миллиард теңге бөлінген. Бұл да аз ақша емес.

«Президент кітапханасының жұмысын қамтамасыз ету үшін» бөлінген қаржыны қиналсақ та түсінуге тырыстық, ал… «бұрынғы президенттің қызметін қамтамасыз ету үшін» деген «формуляровка» миға қонбай қойды.

Осыдан соң Қазақстанның қазынасында «ақша тапшы» деп көр.

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.