538 рет оқылды

Төтенше жағдай министрлігіне қарасты «Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев пара алып жатқан жерінен ұсталыпты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің қырағылық танытқанына риза болдық. Әйтпесе, Кәрім Көкірекбаев сияқты түйені түгімен, вагонды жүгімен жұтатын ысқаяқ шенеунік төніп келген талай бәледен құтылып кеткен деп естігенбіз Жамбыл облысын басқарып тұрған кезінде.

Бірақ Алматы жақтың аралас-құралас адамдары Жамбыл облысы мен Тараз қаласының момындары мен мүміндері сияқты емес, Көкірекбаевтың ашылған аранына ақша емес, кеспелтек ағаш тыға салуы мүмкін.

Жамбылда жүргенде бетіне ешкім жел боп тимей дәніккен сол Кәрім Көкірекбаев сол әдетімен «BAZIS CONSTRUCTION» — «INFR.» ЖШС бөлімшесінің директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар пара алам деп ойлапты. Ең қызығы, сол арам ойын жүзеге асыру кезінде ұсталған.

Бірақ біздің құқық қорғау саласына да, сотқа да сенім жоқ. Ұстауын ұстайды. «Ұстадық» деп жар салуын жар салады. Бірақ кейін Бас прокуроры бар, Жоғарғы соты бар, түрлі сылтаубайлар мен желеубайларға салып, ертең-ақ ақтап алуы әбден мүмкін екенін ойлағанда, ішің қазандай қайнайды.

Бұл жолы олай болмауы керек. «Басы» мен «жасын» сыйлайтын Көкірекбаев құдалықта жүрген жоқ. ҚР Заңын бұзды, Аса ірі көлемде пара алды. Қылмыс үстінде ұсталды. Ендеше жазасын да кәрі деместен (небары 65 жаста!), ақша жеуде алдына жан салмайтын кәрібоз деместен, түрмеге қамап, лайықты жазасын беру керек. Халық сонда ғана разы болады біздің құқық қорғау органдарына.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.