2 рет оқылды

«SHENGTAI BIOTECH CO.,LTD» ЖШС — жүгеріні терең өңдейтін ірі зауыт. Оны салып жатқан Қазақстандағы қытайлық компания. Аталмыш ЖШС-ның Бас компаниясы қытайлық Fufeng Group (Seres Biotech B.V.).Зауыт өтен жылғы наурыз айында тіркеліп, Жамбыл облысы, Шу ауданы, Тасөткел ауылы, Жібек жолы аймағына орын тепті. Басшысы — Ван Яньдун.

Жобаның мақсаты, жүгеріні тереңдетіп өңдейтін ірі өнеркәсіптік паркін салу болатын. Ол мақсат бір жылдан алты ай асқанда іске қосылды. Қуаттылығы жылына 500 мыңнан 1 млн тоннаға дейін жүгері өңдеу. Болашақта қуаттылықтарын 3 млн тоннаға дейін арттыруды жоспарлап отыр. Зауыт шамамен 1,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашпақшы.

-Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өңірімізде жүгеріні тереңдетіп өңдеу зауыты іске қосылып, өз жұмысын бастады. Бүгінде инвестициялық қоржынымызда 116 жоба және 5,6 трлн теңге бар. Биыл 47 өндірістік жоба іске қосылады деп күтілуде. Оның ішінде 7 ірі зауыт бар.  Өндіріс көлемі өткен жылы алғаш рет 1 трлн 300 мың теңгеге жетті. Сегіз айдың қорытындысы бойынша, обысқа 820 млрд инвестиция тартылды. Жылдың соңына дейін 1 трлн теңге инвестиция тартылады деп күтілуде.

Бүгін біздің  өңіріміз үшін ғана емес, еліміздің барлық агорөнеркәсіп кешені саласы үшін өте маңызды сәтке куә болып отырмыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Орталық Азиядағы алғашқы түрлі амин қышқылын шығаратын өнеркәсіп орнын бейнебайланыс арқылы іске қосып, үлкен зауыт өз жұмысын бастады.

Амин қышқылдары әлемдік нарықта үлкен сұранысқа ие заманауи өнім. Зауыт толық іске қосылғаннан кейін 3 млн тонна жүгеріні тереңдетіп өңдейтін болады. Жаңа зауытымыз мемлекетіміздің агроөнеркәсіп саласына үлкен срепін береді деп күтілуде, — дейді Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев.

Амин қышқылдары: лейцин, валин, изолейцин, треонин, глутамин, крахмал, жем қоспалары және тыңайтқыштар өндіріп, оларды өз еліміз бен көрші мемлекеттерге және әлемнің түкпір-түкпіріне экспорттайтын алып зауыттың жұмысына тек қана табыс тілейміз.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру