«Тараз» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік қоғамы
тарапынан қолдау көріп отырған компаниялар көп. Соның бірі – Тараз
қаласындағы «Тараз» индустриялық аймағында жұмыс істеп жатқан
«Jeti Bulaq» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Мұнда жүзеге асырылып
жатқан «Битум эмульциясын өндіру» жобасы 2023 жылдан бері тұрақты
жұмыс істеп келеді.
Зауыт өкілдерінің айтуынша, кәсіпорын өңірдің жол құрылысы саласына
қажетті өнім шығарып, өңір өнеркәсібінің дамуына үлес қосуда. Кәсіпорынның
жылдық өндірістік қуаты 9600 шаршы метр өнімнен асады. Он бес жұмысшы
бар шағын ұжым өнімді еңбек етіп отыр.
Айта кету керек, «Тараз» ӘКК» АҚ өнеркәсіп саласындағы жеке кәсіпкерлікті
жедел дамытуға, жаңа өндірістердің инфрақұрылымын құру мен дамытуға
жұмсалатын шығындарды оңтайландыруға, өндіріс тиімділігін арттыруға,
халықты жұмыспен қамтуға және инновациялық саясатты іске асыруға
жәрдемдесу мақсатына бағытталған.
Осындай өндірістік жобалар инвестициялық тартымдылығын арттырып,
облыстың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға ықпал ете бастады. Жалпы,
бұл жоба «Тараз» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» акционерлік
қоғамының қолдауымен жүзеге асырылуда.
«Jeti Bulaq» ЖШС «Тараз» индустриялық аймағындағы бұл жобасын «Тараз»
ӘКК» АҚ қаржылай қолдауымен жүзеге асырып отыр.
Тараз қаласы


