Облысымызда Тараз әлеуметтік-кәсіпкерлік кәсіпорнына қарасты 15 әлеуметтік дүкен бар.
Олар Тараз қаласы бойынша Абай даңғылы №157 нысанға, «Бәйтерек» мөлтек ауданы, №18 үйдің жанына, №15 мөлтек ауданы, №31-33 үйлердің жанына, №15 мөлтек ауданы, №21-23 үйлердің жанына, «Төңкеріс» аумағындағы №8 үйдің жанына, Қант зауыты ауылы, Театр көшесі №5 нысанға, «Аса мөлтек ауданы, №40 үйдің жанына, Байтұрсынов көшесі, №28 үйдің жанына, «Шөлдала» аумағы, №55 ОМ мектеп жанына, «Арай» аумағы, №5 үйдің жанына, «Қарасу» мөлтек ауданы, №18, Шалғай Қарасу алқабы, Ханшатыр көшесі №2 нысанға, Құмшағал мөлтек ауданы, Ордабасы көшесі, №2 нысанға, Мыңбұлақ ауданы, №2 нысанға және Жуалы аудыны Б. Момышұлы ауылына орналасқан.
Бұл әлеуметтік павильон-дүкендерде аз қамтамасыз етілген қала тұрғындары күнделікті қолданатын картоп, сәбіз, қырыққабат, жұмыртқа, күнбағыс майы, күріш, қант, ас тұзы, 1 сұрыпты ұн, нан, рожки, қарақұмық жармасы, сары май, тауық еті, сүт, айран, сүзбе, пияз сияқты әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары нарықтық бағадан төмендетілген бағамен сатылады.
Павильон-дүкендердің мекен-жайларын жазып алыңыздар.


