5 рет оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алдымызда тұрған аса маңызды міндет бұл – ауылды жан-жақты дамыту. Себебі, ауылды дамыту – түптеп келгенде, бүкіл Қазақстанды дамыту деген сөз» деп, ауыл аумақтарды көркейту арқылы тұтас елді өркендетуге назар аудартқан еді. Ауылдарда кәсіпкерлікті қолдау үшін «Ауыл аманаты» жобасы да енгізілген. Президент тапсырмасы Жамбыл ауданы, Ақбастау ауылдық округінде де жүйелі жүзеге асырылып отырғанын бірқатар оң көрсеткіштерден байқадық. Ақбастау ауылдық округінде екі елді мекен бар, Бірлесу-Еңбек және Шоқай ауылдары. Округте жалпы 385 аулада 2160 адам тұрады.

Жер көлемі 9355 гектар болса, оның ішінде ауыл шаруашылығы жерлері 8290 гектар. Ондағы 4094 гектары егістік, оның 2753 гектары суармалы, 1341 гектары суаруды қажет етпейді. Ал жайылымдық жер 3613 гектар, елді мекен жерлері 952 гектар, өзге жерлер 922 гектар. Ауыл әкімі Нұрсулу Дузееваның айтуынша, елді мекенде барлығы 123 шаруа қожалығы тіркелген. Оның алтауы мал шаруашылығымен айналысса, 102- сі егін шаруашылығымен шұғылданады. Ал 15 шаруа қожалық егін де егіп, мал да бағады.

– Округ тұрғындарының және шаруа қожалықтарының жекеменшігіндегі мал басы түгелдей есепке алынып, мүйізді ірі қара 350 қой мен ешкі 10080 жылқы 1851, үй құстары 500 басты құрады. Биылғы жылдың өніміне арнап 655 гектар жерге арпа, 350 гектар жерге бидай себілді. 675 гектар жерге көкөніс, яғни пияз егілді. 9 шаруа қожалық 172 гектар жерге қант қызылшасын орналастырды, 548 гектар жерге дәндік жүгері егілді, 200 гектар жерге жаңа жоңышқа егілді. Биылғы 9 айда атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 9 отбасы өтініш білдіріп, оның 8-не атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Әлеуметтік сала бойынша округ аумағанда жалпы 13 нысан қызмет жасауда. Атап айтқанда, 1 әкімшілік ғимараты, 2 білім беру, 2 жеке балабақша, 2 мәдени, 2 денсаулық сақтау, 1 пошта байланыс нысандары және 1 ветеринариялық пункт, 1 биотермиялық шұңқыр, 1 учаскелік полиция пункті халыққа қызмет көрсетеді. Жаңа Жамбыл фосфор зауытында Ақбастау ауылдық округінен 136 адам жұмыс істейді. Оның ішінде 90 адам Бірлесу-Еңбек ауылынан, 46 кісі Шоқай ауылының тұрғыны. 2025-2026 жылдары зауытқа жастарды жұмысқа орналастыру бойынша айтарлықтай іс атқарылды. 30-ға жуық жастар жұмыспен қамтамасыз етілді, – дейді Нұрсулу Лутфуллақызы.

Ауылдың ажары – оның тыныс-тіршілігінен, тұрғындарының еңбекқорлығынан, елді мекендегі әлеуметтік нысандардың қалыпты жұмысынан көрінеді. Бүгінде Ақбастау ауылдық округіне қарасты БірлесуЕңбек пен Шоқай ауылдарында тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға, кәсіпкерлікті дамытуға, әлеуметтік нысандардың жұмысын жетілдіруге бағытталған бірқатар жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ауыл экономикасын жандандырып, тұрғындардың өз кәсібін бастауына мүмкіндік беретін мемлекеттік бағдарламалардың игілігін көріп отырған азаматтар да бар.

Кәсіп бастауға мүмкіндік мол

Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруда «Ауыл аманаты» жобасының маңызы ерекше. Бұл жоба ауылдағы ағайынға өз кәсібін бастап, табысын арттыруға мүмкіндік беретін нақты қолдаудың біріне айналып отыр. Ақбастау ауылдық округінде де аталған жоба аясында жұмыстар жүргізілуде. 2025 жылы жобаның бесінші бағыты бойынша 13 азамат құжаттарын тапсырса, соның 11-іне жалпы сомасы 69 миллион 800 мың теңге көлемінде несие берілген.

Бұл қаражат ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына және шаруашылығын кеңейтуіне жол ашты. Ал 2026 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша үш азаматтың құжаттары тапсырылып, оның екеуі несие алған. Олар қаржыны құс шаруашылығы және жылыжай бағыттарына пайдалануда. Сонымен қатар бір басшы және тоғыз мүшеден тұратын ауыл шаруашылығы кооперативі құрылып, қажетті құжаттары тиісті тәртіппен тапсырылған. Ауылдағы шағын кәсіпкерліктің тынысын азық-түлік дүкендері де айқындайды.

Қазіргі таңда округ аумағында жеке секторда халыққа қызмет көрсететін тоғыз азықтүлік дүкені жұмыс істейді. Бұл – тұрғындардың күнделікті қажеттілігін өтеумен қатар, ауылдағы кәсіпкерлік белсенділіктің де бір көрінісі.

Өтініш – назарда, мәселе – бақылауда

Жергілікті тұрғындардың ұсыныспікірлері мен талап-тілектерін тыңдап, олардың мәселелерін шешу – ауыл әкімдігі жұмысының маңызды бағыттарының бірі. 2026 жылдың тоғыз айында ауыл тұрғындарынан жеке тұлғалардан барлығы 33 өтініш түскен.

Сонымен қатар 17 жеке қабылдау өткізіліп, тұрғындардың көтерген мәселелері қаралған. Барлық өтініштер заң талаптарына сәйкес зерделеніп, тиісті шешімдерін тапқан. Бұл ретте халықпен тікелей байланыс орнату, тұрғындардың мәселесін уақытында тыңдап, шешімін табуға ұмтылу – елді мекендегі тұрақты ахуалдың маңызды негізі.

Білім – ауыл болашағының бастауы

Ауылдың келешегі ең алдымен білімді ұрпаққа байланысты. Сондықтан округтегі білім беру ұйымдарының жұмысы да назардан тыс қалмайды. Бірлесу-Еңбек ауылындағы 140 орындық орта мектепте бүгінде 40 мұғалім еңбек етеді. 2025-2026 оқу жылында аталған білім ошағында 251 оқушы білім алған. Оның ішінде 12 оқушы 11-сыныпты тәмамдады. Мектеп бітірушілер арасында «Алтын белгі» иегері болған жоқ. Ал Шоқай ауылындағы 150 орындық №3 орта мектепте 36 мұғалім қызмет атқарады. Өткен оқу жылында мектепте 201 оқушы білім алып, оның 11-і мектепті аяқтаған.

Бітірушілер қатарында екі оқушы үздік аттестат иегері атанды. Бұл – ауыл мектебіндегі білім сапасына жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесін көрсететін көрсеткіштердің бірі. Мектеп жасына дейінгі балаларды қамту мәселесі де жолға қойылған. Бірлесу-Еңбек ауылында 70 орындық жекеменшік «Айналайын» балабақшасы жұмыс істейді. Шоқай ауылында 50 орындық «Балдаурен» жекеменшік балабақшасы бар.

Бұдан бөлек, екі елді мекендегі мектептер жанынан 25 орындық екі шағын орталық бүлдіршіндерге қызмет көрсетуде.

Мәдениет – ел бірлігінің өзегі

Ауылдың рухани өмірін қалыптастыруда мәдениет ошақтарының орны айрықша. Ақбастау ауылдық округінде тұрғындарға қызмет көрсететін екі мәдениет ошағы бар. Бірлесу-Еңбек ауылдық клубы 1970 жылы салынған. 100 орындық мәдениет нысаны күрделі жөндеуден өткен. Қазіргі таңда ауылда жаңа ауылдық клуб салу жоспарланып отыр. Бұл мақсатта жер учаскесі де дайындалған. Ал Шоқай ауылдық клубы 2020 жылы пайдалануға берілген. 150 орындық мәдениет ошағы ауыл тұрғындарының мәдени-рухани сұранысын өтеуге мүмкіндік беріп келеді. Округте екі кітапхана да халық игілігіне қызмет етуде. Бірлесу-Еңбек және Шоқай ауылдарындағы кітапханалардың жалпы кітап қоры 9575 дананы құрайды. Оның 7232-сі мемлекеттік тілде.

Кітапханаларға жаңа оқырмандарды тарту, кітап оқуға қызығушылықты арттыру бағытындағы жұмыстар да жалғасуда. Есепті кезеңде жаңа оқырмандар саны 415 адамды құрап, кітапханаларға келушілер саны 887-ге жеткен. Кітап берілімі 4143-ті құрайды. Заманауи талапқа сай Бірлесу-Еңбек ауылдық кітапханасының жанынан «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында цифрландырылған ақпараттық орталық жұмыс істейді. Бұл ауыл тұрғындарының қажетті ақпаратқа қол жеткізуіне мүмкіндік беретін маңызды бастама.

Жол мен жарық – ауылдың ажары

Инфрақұрылымның жай-күйі де елді мекеннің тұрмыс сапасын айқындайды. Ақбастау ауылдық округінде барлығы жеті көше бар. Оның төртеуі БірлесуЕңбек ауылында, үшеуі Шоқай ауылында орналасқан. Жалпы көше ұзындығы 9,8 шақырымды құрайды. Қуантарлығы – округтегі барлық көшеге асфальт төселген.

Көшелерді жарықтандыру бағытында да жұмыстар атқарылған. Шоқай ауылының кіреберісінен ескі мектепке дейінгі аралық, мектепке барар жол және О.Жалпанова көшесі жарықтандырылған. Ал Бірлесу-Еңбек ауылындағы барлық көшеге түнгі жарық жүргізілген. Тұрғындар үшін маңызды тағы бір мәселе – ауыз су мен табиғи газ.

Бүгінде округке қарасты екі елді мекендегі 385 аула толықтай ауыз сумен және табиғи газбен қамтылған. Бұл – ауыл тұрғындарының тұрмыс жағдайын жақсартудағы елеулі жетістік.

Ағымдағы жұмыстар – ауыл көркін арттыруға бағытталған

2026 жылға Ақбастау ауылдық округінде түрлі бағыттағы жұмыстарды жүзеге асыруға 114 миллион 649 мың теңге көлемінде қаражат қаралған. Жыл ішінде Бірлесу-Еңбек ауылында жаңа ветеринариялық пункт ғимараты сатып алынған. Оған 29 миллион 384 мың теңге жұмсалған. Бұл ауыл шаруашылығымен айналысатын тұрғындар үшін ветеринариялық қызметтің қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Шоқай ауылына тал егу жұмыстарына 201 мың теңге бөлінген. Елді мекендердің түнгі жарықтандыру жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге 1 миллион 338 мың теңге қарастырылған.

Сонымен қатар елді мекендердегі бейнебақылау камералары жөнделіп, бұл мақсатқа 862 мың теңге жұмсалған. Округ аумағындағы баннерлер мен билбордтарды жаңартуға 900 мың теңге, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 350 мың теңге бөлінген. Елді мекен аулаларына QR-коды бар жаңа үлгідегі заманауи аншлагтар орнатылып, оған 405 мың теңге жұмсалған. Ал Қызыларық каналына шлюздер орнату жұмыстары жоспарланған. Бұл бағытқа 6 миллион 926 мың теңге қарастырылып отыр.

Демеушілік – елдік істің бір көрінісі

Ауылдың ажарын арттыруға жергілікті кәсіпорындар мен тұрғындардың да қосып отырған үлесі зор. Әлеуметтік жауапкершілікті сезінген демеушілер ауылдағы бірқатар нысандарды жөндеуге және абаттандыруға қолдау көрсетуде. Жаңа Жамбыл фосфор зауытының демеушілігімен Бірлесу-Еңбек ауылының Абай көшесінде орналасқан балалар ойын алаңшасына және Шоқай ауылындағы балалар ойын алаңшасына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар БірлесуЕңбек орта мектебіне балаларға арналған заманауи үлгідегі әткеншектер орналастырылған. Аталған кәсіпорын Бірлесу-Еңбек ауылының кіреберісіне тал егуге де қолдау көрсеткен.

«Alina holding» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі де ауылдың кіреберісіне тал егіп, елді мекенді көгалдандыруға үлес қосқан. Тұрғындардың өздері де ауылдың ортақ мәселелеріне бейжай қарамайды. Бірлесу-Еңбек ауылындағы мешіт жанындағы асханаға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ал Шоқай ауылының кіреберісіндегі көпірден асфальтқа дейінгі аралыққа тұрғындардың демеушілігімен түнгі жарықтандыру жүргізілген.

Сондай-ақ «Жалбыл Гипс» акционерлік қоғамының демеушілігімен Шоқай ауылының О.Жалпанова көшесінде түнгі көше жарығын орнату жұмыстары жүргізілген. Мұндай бастамалар ауылды көркейту тек мемлекеттік қаржыға ғана емес, ел азаматтарының өзара ынтымағы мен ортақ іске деген жауапкершілігіне де байланысты екенін көрсетеді.

Қауіпсіздік – ортақ міндет

Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету де тұрақты бақылауды қажет ететін бағыттың бірі. Ақбастау ауылдық округінде 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында қылмыстық құқық бұзушылық бойынша бес қылмыс тіркелген. Оның екеуі алаяқтық, үшеуі ұрлық фактісі. Тіркелген қылмыстардың үшеуі ашылған. Оның ішінде екі алаяқтық және бір ұрлық фактісі бар. Екі ұрлық қылмысы бойынша іс ашылмаған.

Бұл көрсеткіштер ауылдағы қоғамдық тәртіпті сақтау, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру және бөтеннің мүлкіне қол сұғудың алдын алу бағытындағы профилактикалық жұмыстардың маңызын көрсетеді. Ақбастау ауылдық округінде атқарылып жатқан жұмыстардың ауқымы ауыл тіршілігінің әр саласын қамтиды. Кәсіпкерлікке қолдау көрсету, білім беру мен мәдениет нысандарының жұмысын қамтамасыз ету, жол мен жарықты жақсарту, ауыз су мен газ мәселесін шешу, елді мекендерді абаттандыру – мұның барлығы тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған.

Ең бастысы, ауылдың дамуы тек бюджет қаражаты мен мемлекеттік бағдарламаларға ғана емес, жергілікті тұрғындардың белсенділігіне, кәсіпкерлердің қолдауына, елдің бірлігі мен ортақ іске деген жауапкершілігіне де тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Ақбастаудағы бүгінгі жұмыстар ауылдың ертеңгі әлеуетін қалыптастыруға бағытталған игілікті істердің жалғасы деуге негіз бар.

Қамар ҚАРАСАЕВА

Жамбыл ауданы

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру