153 рет оқылды

Парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» конституциялық заң қабылданды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отырыста депутаттар бірден екі оқылым өткізіп, «Елбасы туралы» заңның күшін жою туралы қаулыны бірауыздан мақұлдады.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті — Елбасы» туралы Қазақстан Республикасы конституциялық заңының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы конституциялық заңының жобасын мақұлдау жөнінде ұсынысты сенаттан қатысып отырған 44 депутаттың 43-і жақтады, бір депутат дауыс бермеді, мәжілістен қатысып отырған 92 депутат жақтады.

Ал қаулы жобасы бойынша сенаттан қатысып отырған 44 депутат пен мәжілістен қатысып отырған 93 депутат түгелдей жақтап дауыс берді.

Анау 44 депутаттың 1-і кім болды екен, ә?

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.