81 рет оқылды
Қырғызстанда бұрынғы президент Асқар Ақаевқа қарсы қозғалған қылмыстық іс жабылды. Бұл туралы Қырғыз Республикасы Бас прокуратурасының халықаралық-құқықтық қызметтестік басқармасының басшысы Асылбек Акматов хабарлады.Бұған дейін А. Ақаевқа «Құмтөр» кен орнына байланысты 1992 жылы «Камеко» компаниясымен жасалған келісім-шартқа қол қою  барысында билігі мен қызмет бабын асыра пайдаланды деп айып тағылған болатын.

-Қылмыстық жауапкершілікке тартылатын уақыттың мерзімі өтіп кеткеніне байланысты Асқар Ақавқа қарсы қылмыстық қудалау тоқтатылды, — дейді Асылбек Акматов.

Бүгінде А. Ақаев Ломоносов атындағы ММУ қызмет етеді.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.