207 рет оқылды

Жоғарғы Сот жарады.  Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің талап-арызы бойынша  Азаматтық істер жөніндегі сот алқасы  Болат Назарбаев пен PLS-TM ЖШС-ны Алматы ауыр машина жасау зауытының акцияларын мемлекет меншігіне қайтаруға шешім шығарды.

Жоғарғы сот сонау 2009 жылдың 2 сәуірінде Болат Назарбаев пен «PLS-TM» арасындағы акциялардың кей құжаттарын жарамсыз деп таныған. Сондықтан Назарбаев оларды Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне қайтару керек.

Әрине, сот отырысына Болат Назарбаев пен Мемлекеттік мүлік комитетінің өкілдері келмеді. Бірақ келмегені келгені ғой.

Айтпақшы, Б. Назарбаев мемлекеттік акцияларды иемденіп және сатпақ болды деген күдікке ілінген болатын.

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.