Биыл Түркия Республикасына 100 жыл толады. Бұл – үлкен тарихи меже. Түркия қысқа мерзімнің ішінде қуатты, ықпалды мемлекетке айналды. Оның халықаралық ықпалы және беделі, расында өте күшті. Осы жерде Реджеп Тайип Ердоғанның еңбегі және үлесі айқын. Оны бүкіл әлем мойындап отыр.
Осыған орай, қадірменді Реджеп Тайип Ердоған мырзаға алдағы Президент және Парламент сайлауында сәттілік тілеймін. Түрік жұрты Сізге барынша қолдау көрсетеді деп сенемін», — деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.