218 рет оқылды

Қазақ елінің теннисші қызы Елена Рыбакина АҚШ-ты аузына қаратты. Ол Индиан-Уэллстегі WTA-1000 санатындағы турнирдің жартылай финалына шықты.

Елена ширек финалда  әлемнің 76-шы ракеткасы, чех қызы Каролина Мухованы 7:6 (7:4), 2:6, 6:4 есебімен жеңді.

Бұл Қазақстан теннисінің әлемдік деңгейдегі алғашқы өкілі Е. Рыбакина үшін өте маңызды сәттің бірі. Өйткені ол осы уақытқа дейін Индиан-Уэллстегі жартылай финалда бақ сынап көрген емес.

Бірақ ол осындай беделді турнирдің финалына жету үшін Елена поляк перизаты Ига Швентек немесе румыниялық ару Сорана Кырстейден шеберлігін асырып, қара үзіп кетуі қажет.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.