119 рет оқылды

 

Қырғыз Республикасының Мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрлігі

барлық мемлекеттік облыстық газеттерді  жабуға шешім шығарыпты. Министрлік тиісті

құжатты қоғамдық талқылауға ұсынған. Енді осы мәселеге байланысты Қырғыз елі 11 сәуірге

дейін ойларын айтып, пікірлерін білдіруі керек.

Үкімет қаулысының жобасында елдегі барлық облыстық газеттер редакцияларында 228

адамның жұмыс істейді. Оларды жыл бойы қаржыландыру үшін 105 млн сом (1,2 млн АҚШ

доллары) жұмсалады.

Ведомствоның хабарлауынша, тәуелсіздік алған жылдан бері қарай бірде-бір басылым өзін

өзі ақтай алмаған. Газеттерді басып шығаруға сырттан қаражат таба алмады. Сол себепті

бюджеттің қаражаты тиімсіз жұмсалып жатыр.

Қазір облыстық газеттер аптасына 1000-2000 таралыммен ғана шығады. Өңірлер тұрғындарын

толық қамти алмайды. Соңғы жылдары басылымдарға деген сұраныс мүлде түсіп кеткен.

Өйткені, халық ақпаратты мобильді телефондағы интернеттен, телевидение мен радиодан

алғанды  қалайды.

Осының бәрі облыстық газеттер редакцияларын жабу жөнінде шешім қабылдауға негіз

болды.

2018 жылы 34 аудандық, 12 облыстық газетті, сондай-ақ 6 облыстық телеарнаны

қаржыландырып тұрды. Ал 2019 жылдың шілдесінде Қырғызстан билігі елдегі барлық

аудандық газеттерді қаржыландыруды тоқтату туралы әңгімені бастады.

Дастан Жұмабекұлы.

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.