115 рет оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ең үздік теннисшісі Елена Рыбакинаны WTA 1000 санатындағы турнирдегі тұңғыш жеңісімен құттықтады.

-Индиан-Уэллстегі беделді турнирде жарқын жеңіске жеткен Елена Рыбакинаны құттықтаймын! Біздің спортшымыз асқан шеберлігін, жеңіске деген мұқалмас ерік-жігерін және спорттағы жоғары мәдениет үлгісін көрсетті. Елена әлемдегі үздік корттарда жаңа жетістіктерге жете береді деп сенемін!», — деп жазды Мемлекет бсшысы өзінің Instagram-парақшасында.

Елена бұл турнирде алғаш рет жеңіске жетіп қана қойған жоқ, сонымен бірге әлемдік рейтингтегі рекордтық орынға көтерілді. Бұған дейінгі жарыстар нәтижесі бойынша ол10 орыннан артық көрсеткішке қол жеткізген емес еді.

Ал финалда Еленадан жеңілген қарсыласы, беларус қызы Арниа Соболенко (7:6(11), 6:4.  есебімен) әлі де екінші орнына сақтап тұр.

Индиан-Уэллс турнирі Елена Рыбакинаға 126 миллион доллар немесе 570,4 миллион теңге олжа әкелді.

 

 

 

 

 

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.