192 рет оқылды

«Газпром» компаниясының басқарма төрағасы Алексей Миллер Қазақстанға келіпті.  Келіп қана қомай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың  қабылдауында болыпты.

Қабылдауында болып қана қоймай, Президентімізбен энергетика саласындағы өзара іс-әрекеттің басым бағыттарын талқылапты. Анау-мынау емес, газ саласындағы бірлескен жаңа жобаларды жүзеге асыру мәселесін де қарастырыпты.

Санкция сергелдеңіне түсіп, милары ашып жүрген Ресей «Газпромының» миллионер басшысы өздері сияқты Қазақ елін де санкция қақпанына түсірейін деп жүр ме, неғып жүр? Осылар келген сайын «Алмақтың да салмағы бар», «Шығасыға иесі басшы» деген атам қазақ айтып кеткен көптеген ақыл мен нақыл еске түсе береді.

Біз қауіп еткеннен соң айтамыз. Миллердің тәтті ертегісіне сенеміз деп жүріп күні ертең арандап, опық жеп, бармағымызды тістеп, санымызды соғып қалмайықшы, әйтеуір. Үкіметтегі балдар-әй, абай болыңдаршы,

БӨЛІСУ:

Пікір қалдыру

Copy Protected by Chetan's WP-Copyprotect.