Қазақстанда 1 сәуірден бастап елге әкелінетін және елден әкетілетін өнімдерді есепке алып отыратын жүйе жұмыс істей бастайды. Бұл өз кезегінде «шекардан шекараға дейінгі тауарлар қозғалысының тізбегін қазіргі уақыттағы өмір талабына сай режімге орай бақылауға» қолайлы жағдай жасайды. Сондай-ақ, Ресейге қарсы санкцияны айналып өтуге мүмкіндік бермейді.
Бұл турлы Financial Times пен Eurasianet Қазақстанның жоғары лауазымды шенеунігінің сөзіне сілтеме жасай отырып жазды.
-Біздің Үкімет Ресеймен арадағы сауда-саттықа қатысты санкция енгізбейтінін бірнеше рет және нақты мәлімдеді. Бірақ бұл мәлімдеме батыс елдері санкциясын айналып өтуге тырысатындарға мүмкіндік жасамайды. Және санкцияны айналып өту алаңы болмайды, — депті ол порталға берген сұхбатында.
Шенеуніктің айтуынша, Қазақстан қайталанбалы санкцияға (вторичные санкция) қатысты барлық тәуекелді түсінеді. Сондықтан республика барлық әріптестерімен арадағы сауданы мұқият бақылап отыр. Сондай-ақ, күдікті сауда операциялары мұқият сараптамаға ұшырап, қажет болған жағдайда әкімшілік шара қолданылады.