Әскери бас прокуратура Алматы қаласындағы бұрынғы әскери госпиталдың жер телімін мемлекет меншігіне қайтарғаны жөнінде хабарлады. БАҚ-тың жазуы бойынша, бұл жер телімі Тимур Құлыбаевтың меншігі.
-«Достык строй» ЖШС-ның құрылтайшысы Joint Technologies и «Кипрос» компаниялары. Ал бұл екі құрылтайшы бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеубаласы Тимур Құлыбевтың иелігінде. 2012 жылы госпиталдың ғимаратын бұзып, орнын ауыстырған кезде бұйрмасты бұйыртып үйренген әулет бас салыпты.
Бірақ, аталған жер 7 жылдан бері пайдаланылмаған. 6 млрд теңгеге бағалап, сатып жібермек болып еді, былтырғы қаңтар оқиғасы саудасын бұзып жіберді. Әйтпесе, тақыр жерден «ақша жасап» үйренген отбсына 6 млрд болса да азын-аулақ ақша еді.
БАҚ хабарламалары бойынша, Тимур Құлыбаевқа Алматыдағы MEGA сауда көңіл-көтеру орталығына қарама-қарсы, Розыбақиев пен Қожабеков көшелерінің бұрышындағы саудаға сұранып тұрған 6,6 гектр жер де тиесілі екен. Ал қарапайым халық болса отыз жылдан бері 6 сотық жердің өзін ала алмай жүр.
Бұл аз десеңіздер, Назарбаевтың ерке күйеубаласына Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аумағынан да ең жақсы жер учаскесі өтіп кетіпті.
Не деген тойымсыздық десеңізіш!